Индонезияда тағы да жер сілкінді
АСТАНА. Қазанның 1-і. ҚазАқпарат - Индонезияның Суматра аралының маңында тағы да жер сілкінісі болды, бұл жолғы зілзаланың магнитудасы 6,8 балды құрады,
деп хабарлайды «РИА «Новости» агенттігі.
Соңғы жер сілкінісі мәскеу уақыты бойынша сағат 05.31-де Бенгкулу провинциясының солтүстік-батысына қарай 155 шақырым жерде болды. Жерасты дүмпулерінің тереңдігі 25 шақырымды құрады.
Суматра төңірегінде болған бұған дейінгі зілзала салдарынан, соңғы мәліметтер бойынша, 200-дей адам қаза тапқан. Елдің вице-президенті Юсуф Калланың айтуынша, зардап шеккен аудандарда жүздеген ғимараттар қираған, олардың қатарында қонақүйлер мен ауруханалар да бар.