Индонезияда теміржол апатында 43 адам қаза болды
деп хабарлайды Associated Press агенттігі.
Оқиға Орталық Ява уәлаятында орын алды. Джакартадан Семаранга қаласына бара жатқан жолаушылар пойызы стансада тоқтап тұрған пойызға келіп соғылады, апат салдарынан екі құрама да қатты зардап шеккен.
Естеріңізге сала кетейік, қыркүйектің 20-сында Үндістанда осындай үлкен теміржол апаты болған еді. Семафордың істен шығуы салдарынан тауарлы пойыз жолаушылар экспресіне барып соғылып, апат салдарынан 15 адам қаза тапқан. Тағы 40 адам түлі жарақатпен ауруханаға түскен.
Дәл осындай оқиға қыркүйектің 17-сінде Ресейде де орын алды: Архангельск облысындағы Обозерская стансасында локомотив жолаушылар пойызына келіп соғылты. Оқиға салдарынан 8 адам зардап шекті.