Индонезияда түтін салдарынан 19 адам қайтыс болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Индонезия аумағында қою түтіннен дала тұманданып, соның салдарынан болған респираторлы аурулардың асқынуынан 19 адам көз жұмған. Олардың көбі - балалар.
None
None

Ұлттық денсаулық сақтау қызметкерлерінің мәліметтерінше, елде тыныс алу жолдары өткір инфекцияларының жарты миллионға жуық оқиғасы тіркелген. Қазіргі кезде Индонезиядағы ластану аймағында 43 миллионнан астам адам қалып отыр.

Тұманның пайда болуына орман өрттері себеп болған, олардың түтіні Азияның басқа елдеріне, атап өткенде, Таиландқа да жеткен.

Ел президенті Джоко Видодо АҚШ-қа жасаған сапарының мерзімін қысқартып, Индонезиядағы дағдарысты реттеу үшін елге оралды.

Индонезиядағы төтенше жағдайлар жөніндегі ұлттық агенттік ел аймақтарын басқан түтінді тұманды адамзатқа қарсы жасалған қылмыс деп сипаттады.

Соңғы жаңалықтар