Индонезияда ұшақ апатынан қаза тапқандардың саны 37-ге жетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сейсенбі күні индонезиялық Медан қаласында апатқа ұшыраған әскери-көліктік C-130 Hercules ұшағында ажал құшқандардың саны 37-ге жетті.
Бұл ретте мерт болғандардың саны мұнымен шектелмеуі мүмкін, себебі ұшақ құлаған сәтте бортта 50 адам болған.
Бұдан басқа, ұшақтың тұрғын үй орамына құлап, екі үйге зақым келтіргені белгілі.
Полиция деректеріне сүйенсек, ұшақ әуеге көтерілгеннен соң екі минуттан кейін құлаған, деп хабарлайды Би-би-си.
Әуежайда ұшқыштың қозғалтқыштың істен шығуына байланысты қайтуға рұқсат сұрағанын растады. Куәгерлер ұшақ бұрылған кезде құлағанын айтуда.