Индонезияда ұшақ құлаған жерден 38 адамның мәйіті табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Индонезияда құтқарушылар Trigana компаниясының ATR 42-300 ұшағы құлаған жерден 38 адамның мәйітін тапты, деп хабарлады Reuters.

Индонезияда ұшақ құлаған жерден 38 адамның мәйіті табылды

«37 ересек адамның және бір баланың мәйіті оқиға орнынан табылды», - деді Индонезия көлік министрлігінің өкілі.

Ол сонымен бірге ауа райының қолайсыздығынан қаза тапқандардың мәйітін тасымалдауға мүмкіндік болмағанын айтты.

Осыған дейін Индонезияда құтқарушылар ұшақ құлаған жерге жеткені хабарланған, деп жазды «Газета.Ru».