Индонезияда ұшақ жағажайға құлады, төрт адам ажал құшты
АСТАНА. 20 қаңтар. ҚазАқпарат - Индонезияның щығысындағы Малуку провинциясында шағын ұшақ апатқа ұшырады. Ұшқыш пен экипаждың үш мүшесі қаза болды.
Чартерлік рейс жасаған ұшақ Папуа штатының астанасы - Джаяпура қаласындағы Сентани әуежайынан ұшып шыққан. Жергілікті уақыт бойынша (07:00 мск) күндіз ұшақ Туал қаласындағы жағажайға құлаған. Апат болған кезде ол аумақта адамдардың аздығына байланысты жергілікті тұрғындардан ешкім зардап шеккен жоқ, деп хабарлады РБК.