Индонезияда жалқау мемлекеттік қызметкерлердің деректері әлеуметтік желіде жарияланады

АСТАНА. KAZINFORM — Индонезияның Батыс Ява провинциясының губернаторы Деди Мульяди келесі айдан бастап жұмысына үлгермейтін мемлекеттік қызметкерлер әлеуметтік желі арқылы әшкереленетінін айтты, деп хабарлайды South China Morning Post басылымы.

Черный список: в Индонезии выложат данные ленивых госслужащих в соцсети
Фото: Википедия

Губернатор әрбір «жалқау» қызметкердің аты-жөні, мекенжайы, суреті әлеуметтік желіде жарияланатынын мәлімдеді.

Шенеуніктің ойынша, бұл олардың жұмысын жақсартуға көмектеседі.

— 1 қарашадан бастап әрбір аймақтық мемлекеттік орган өзінің ең жалқау қызметкерін жариялауға міндетті. Олардың аты-жөні, мекенжайы және фотосуреті беріледі. Мен оны өзімнің TikTok парақшамда жариялаймын, — деді ол.

Пилоттық бағдарлама келесі айда үш провинциялық агенттікте — Денсаулық сақтау басқармасында, Білім беру департаментінде және Қоршаған ортаны қорғау департаментінде басталады және келесі жылдың басында Батыс Ява провинциясының барлық 27 ауданы мен қалаларында қолданылады.

— Айлық алатындар жұмыс істеуі керек. Айлық алып, жұмыс істемесе, не керегі бар? — деді шенеунік.

Сондай-ақ ол тиімсіз қызметкердің мектептердің әкімшілік жұмысына жіберілетінін ескертті.

Кейбір мемлекеттік қызметкерлер сапасыз жұмыс істегені үшін жұмыстан босатылды.

Бұдан бұрын Индонезия үкіметі астананы Джакартадан Нусантараға көшіру процесін 2028 жылға дейін аяқтауды жоспарлап отырғанын хабарлаған едік.

Соңғы жаңалықтар