Индонезияда жанартау атқылап, 9 елді мекенді күл басып қалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жұмадан сенбіге қараған түні Бали аралындағы Агунг жанартауы оянды. Бұл туралы Associated Press (AP) Индонезияның Табиғи апатты болдырмау жөніндегі агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Индонезияда жанартау атқылап, 9 елді мекенді күл басып қалды

Агенттіктің деректері бойынша, жанартау төрт жарым минуттай атқылаған. Вулканның кратерінен шыққан лава тасқыны 3 шақырымдай жерге тарап, маңайындағы 9 елді мекенді күл басып қалған.

Зардап шеккендер мен құрбандар жөнінде әзірге ақпарат түсе қойған жоқ.