Индонезияда жанартау атқылауда - Теранте қаласындағы әуежай жабылды

АСТАНА. ҚазАқпарт - Индонезия билігі Гамалам жанартауының атқылауы салдарынан осы аумақтағы аралда орналасқан Теранте қаласындағы әуежайды жапты.

Индонезияда жанартау атқылауда - Теранте қаласындағы әуежай  жабылды

Бұл туралы «Синьхуа» агенттігі хабарлады.

Сондай-ақ ел билігі жұртшылыққа қауіпті аумаққа бармау қажеттігін ескертті.

Солтүстік Малуку провинциясындағы Теранте аралындағы Гамалам жанартауы 19 желтоқсанға қараған түні оянды. Жанартаудан 3,5 шақырым радиустағы апат аумағы эвакуациялық аймақ болып жарияланды.