Индонезияда жанартаудың атқылауы салдарынан үш адам қаза тапты, төртеуі жарақаттанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Индонезияда жанартаудың атқылауы салдарынан үш адам қаза тапты, төртеуі жарақаттанды. Бұл туралы ТАСС хабарлады.

Индонезияда жанартаудың атқылауы салдарынан үш адам қаза тапты, төртеуі жарақаттанды

Төтенше жағдайлар бойынша ұлттық агенттіктің ресми мәлімдемесіне сәйкес, мұнда Суматра аралының солтүстік бөлігінде орналасқан Синабунг жанартауы туралы сөз болып отыр.

Теңіз деңгейінен жанартау биіктігі 2 460 м құрайды. 400 жылда жанартау алғаш рет 2010 атқылады, кейін бұл жағдай 2013 жылы және 2014 жылдың басында қайталанды. Жанартаудың атқылауы 2014 жылдың жазында тіркелді. 2015 жылдың маусымында жанартау маңынан алты мыңға жуық адам эвакуацияланды.