Индонезияда жер сілкінді
АСТАНА. Қазанның 16-сы. ҚазАқпарат - Индонезия аумағында Рихтер бағамы бойынша күші 6,1 балдық жер сілкінісі болды,
деп хабарлады АҚШ-тың зілзаланы зерттеуші ұлттық қызметінен.
Жер сілкінісінің кіндігі бұл жолы Баубау қаласынан 215 шақырымдай жерде 10 шақырым тереңдікте болған. Қираулар мен құрбан болғандар туралы әзірге мәлімет түскен жоқ.
Қыркүйек айының соңында Индонезияда күші 7,6 балдық жер сілкінісі болып, оның салдарынан бірнеше жүздеген адам қаза тапты, ал елді-мекендерде үлкен қираулар орын алған болатын.