Индонезияда жер сілкінді

АСТАНА. Қазанның 26-сы. ҚазАқпарат - Сейсенбі күні Индонезияда жер сілкінді, деп хабарлады АҚШ-тың Геологиялық қызметі. Сейсмологтардың ақпараттары бойынша, 6,1 магнитудалы зілзаланың ошағы Батыс Суматра провинциясының әкімшілік орталығы - Паданг қаласының оңтүстігіне қарай 225 шақырымдай жерде болған, ал оның ошағы 23 шақырымдай тереңдікте тіркелген.

Индонезияда жер  сілкінді

Құрбан болғандар, қираулар немесе цунами қаупі туралы әзірге ешқандай ақпарат жоқ, бірақ Индонезия халқы өңірдегі әзірге басылмай тұрған сейсмикалық белсенділікке алаңдап отыр.

Естеріңізге сала кетейік, дүйсенбі күні кешке елде 7,2 магнитудалы қуатты жер сілкінісі болып, оның ізін ала 5,5 және 5,0 магнитудалы тағы екі дүмпу тіркелген еді.