Индонезияда жер сілкінді
АСТАНА. 27 наурыз. ҚазАқпарат - Индонезияның Талауд аралында күші 5 балдық жер сілкінісі болды.
АҚШ-тың Геологиялық қызметі хабарлағандай, жерасты дүмпулері 64,4 шақырым тереңдікте тіркелді, зілзаланың ошағы елдің астанасынан 266 шақырым жерде.
Қаза болғандар мен қираулар жайлы мәлімет түскен жоқ, деп хабарлады РБК. Жер сілкінісі болған жақын аудандарда әзірше цунами қаупі білінбейді.