Индонезияда жер сілкінді

АСТАНА. 20 маусым. ҚазАқпарат - Индонезияда күші 5,5 балдық жер сілкінді, деп хабарлады утро. ру.

Индонезияда жер сілкінді

АҚШ-тың Геологиялық қызметінен хабарланғандай, зілзаланың кіндігі Маноквари қаласынан 101 шақырым жерде орналасты. Жерасты дүмпулері 5,5 шақырым тереңдікте тіркелді.

Құрбандар мен қирандылар жайлы әзірге белгісіз. Өзен жағалауындағы аудандарда цунами қаупі туралы хабарланған жоқ.