Индонезияда жоғалып кеткен ресейлік Sukhoi SuperJet-100 ұшағы табылды

Оның жағдайы әзірге белгісіз. Бұл туралы жедел штабта жүрген және «Сухогоның азаматтық тікұшақтары» компаниясының делегациясын алып жүруші блогер Сергей Доля мәлім етті.
С. Долидің сөзіне қарағанда, бұған дейін болжам бойынша ұшақ құлаған ауданға 3 тікұшақ жіберілді, оның біреуі - медециналық, деп хабарлады РБК.
Естеріңізге сала кетейік, Индонезияда 9 мамырда радар экранынан ресейлік Sukhoi SuperJet-100 ұшағы жоғалып кетті, әуе кемесімен және оның бортындағы адамдармен байланыс жоқ. Экипаж 3 мыңнан 1,8 мың метрге дейін төмендеуге рұқсат сұраған, төмен түсіп оңға бұрған соң, жоғалып кетті. Апат кезінде жұмыс істейтін апаттық радар жұмыс істемейді.
Ұшақ Азия мемлекеттері бойынша көрсету турының аясында ұшқан. Индонезияға ұшып бармас бұрын ол Мьянменде, Пәкістанда және Қазақстанда болды. Әрі қарай жоспарда Лаос және Вьетнам бар болатын.
Индонезияда ұшу жұмыстары Халим Перданакусуманың астаналық әуе жайынан атқарылған болатын. Анықталған мәліметтер бойынша жоғалып кеткен ұшақтың бортында 50 емес, 48 адам болған.
Айта кетейік, ұшақты тәжірибелі ұшқыш басқарған.
Sukhoi SuperJet-100 ұшағын іздеу жұмыстары 2,2 шақырым биіктіктегі Салак жаңартауының әуежайынан 50 шақырым жерде жүргізілуде. Іздеу операциясы әзірге ешқандай нәтиже берген жоқ.