Индонезияда жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Индонезияның Lion Air әуе компаниясының жолаушылар ұшағы бүгін таңертең апатқа ұшырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Jakarta Post-қа сілтеме жасап.

Jakarta Post ақпараты бойынша, ұшақ  жергілікті уақытпен таңғы сағат 6:20-да әуеге көтерілген. 13 минут өткеннен кейін ұшақ радардан жоғалып, онымен байланыс үзілген.

null Индонезия құтқару қызметінің ақпараты бойынша, Джакартадан Панкалпинангқа ұшып бара жатқан Boeing 737 MAX 8 ұшағы теңізге құлаған.

Бортта қанша жолаушы және экипаж мүшесі болғаны туралы, сондай-ақ ұшақтың неліктен апатқа ұшырағаны жайлы әзірге нақты ақпарат жоқ.

Соңғы жаңалықтар