Индонезияда жүк көлігі аударылды, 25 адам қаза тапты
АСТАНА. Тамыздың 19-ы. ҚазАқпарат - Индонезияда жол-көлік оқиғасының салдарынан 25 адам қаза тапты, тағы 26 адам түрлі жарақаттар алды.
Полиция өкілдерінің хабарлауынша, оқиға Калимантан қаласында болған. Жұмысшыларды майлы дақылдар плантациясына апара жатқан жүк көлігі жолда аударылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Associated Press агенттігіне сілтеме жасап.
Алдын ала мәліметтер бойынша, жол-көлік оқиғасына жол төсемі сапасының төмендігі себеп болған.