Индонезияда зілзаладан зардап шеккендерді іздеу тоқтатылды
АСТАНА. Қазанның 5-і. ҚазАқпарат - Жойқын зілзаладан өткен аптада зардап шеккен Суматрадағы іздеу-құтқару операциялары бірте-бірте аяқталуда. Бұл туралы шешімді аймақ басшылығы қабылдады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.
Негізгі назар таяу күндері зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетуге аударылатын болады. Ресейлік лагердегі құтқарушылар былайша түсіндіреді: зілзаладан кейін бес тәулік өткен соң қирандылар астында тірі қалғандарды табу мүмкіндігі барынша азайған.
Падангта бірнеше жүздеген үйлер қираған. Құтқарушылардың жұмыстарын соңғы тәуліктерде толассыз жауған қиындатып жіберді.