Индонезиядағы "Батам Оупен" турында қазақстандық жағажай волейболшылар үздік нәтижеге қол жеткізді

АЛМАТЫ. 3 мамыр. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Жағажай волейболынан Индонезиядағы "Батам Оупен" Азиялық 2-турында қазақстандық жігіттер 1-2 орынды өзара бөлісті.
None
None

ҚР Волейбол федарациясының хабарлауынша, ақтық сында Александр Дьяченко мен Алексей Сидоренко (Қазақстан-1) командалас серіктері Дмитрий Яковлев пен Алексей Кулешовтан (Қазақстан-2) басым түскен. Олар жартылай финалда бұған дейін жарыс қожайындарынан мерейлерін асырған болатын. Ал әйелдер арасындағы сында Татьяна Машкова мен Ирина Цимбалова екінші орынды қанағат тұтты. Олар жартылай финалда малайзиялықтарды тізе бүктірген еді. Бұл дүбірлі додада 15 елден ерлер мен әйелдер арасында 24 жұп бақ сынаған болатын.

Жалпы былтыр 21-24 қазан күндері Қытайдың Хаку аралында өткен Азия чемпионатында Татьяна Машкова мен Ирина Цимбалова екінші, Инна Рахматулина мен Людмила Исаева 9-орынға табан тіреді. Ал Алексей Сидоренко мен Александр Дьяченко - 4-орынды, Дмитрий Яковлев пен Алексей Кулешов болса үздік бестікті түйіндеген еді.

Соңғы жаңалықтар