Индонезиядағы фейерверк фабрикасындағы алапат өрттен 46 адам қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Индонезияның Тангеранг қаласында фейерверк фабрикасында өрт шығып, арты жарылысқа ұласқан апат салдарынан кем дегенде 46 адам мерт болған.

Индонезиядағы фейерверк фабрикасындағы алапат өрттен 46 адам қаза тапты

Бұл туралы AFP агенттігі хабарлады.

Зардап шегушілердің нақты саны әзірге белгісіз. Бұған дейін 27 адамның қаза тауып, 35 адамның зардап шеккені хабарланған еді.

CBS дерегі бойынша, фабрика орналасқан ғимарат оқиға салдарынан жартылай қирады. Оқиғаның мән-жайы туралы өзге ақпарат әзірге түсе қойған жоқ.