Индонезиядағы кеме апаты: 10 адам жоғалып кетті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Индонезияның батысындағы Суматра аралы жағалауында кеменің аударылуы салдарынан он адам жоғалып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат The Star газетіне сілтеме жасап.
None
None

«Кеме бортында 20 адам болған. Он адам құтқарылды, тағы 10-ы із-түзсіз жоғалып кетті», - деп мәлімдеді жергілікті билік өкілдері. Қайықта жұмыс іздеп Малайзияға бара жатқан заңсыз мигранттар болған.

Апат болған аумақта іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.



Соңғы жаңалықтар