Индонезиядағы жанартаудың атқылауы: 10 адам үйінді астында қалып қойған

СИНГАПУР. ҚазАқпарат - Индонезиялық құтқарушылар Ява аралындағы Семеру жанартауының атқылауынан кейін үйінді астында қалған 10 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Индонезиядағы жанартаудың атқылауы: 10 адам үйінді астында қалып қойған

Табиғи апаттан зардап шеккендерге көмек көрсету жөніндегі ұлттық агенттік өкілінің айтуынша, жанартау белсенділігінің күшеюі салдарынан бір адам қаза тауып, 40-тан астамы күйіп қалған, олардың кейбірі ауруханада жатыр. Сонымен қатар, жергілікті тұрғындар орналасқан бірнеше үйді құм, лай, күл басқан.

Семеру - Ява аралындағы ең биік шың және Индонезиядағы 130-ға жуық белсенді жанартаулардың бірі. Семеру жанартауының бұдан бұрынғы атқылауы осы жылдың қаңтар айында болды.