Индонезиядағы жер сілкінісінен 46 адам көз жұмып, жүздеген адам жарақат алды

None
АММАН. ҚазАқпарат – Индонезияның Ява аралында дүйсенбі күні жер сілкінісі болып, бірнеше адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап.

АҚШ Геологиялық қызметінің мәліметінше, 5,6 балдық жер сілкінісі Батыс Явадағы Чианджур қаласында 10 км тереңдікте болған.

Жер асты дүмпулері ел астанасы Джакартадан шамамен 100 км қашықтықта сезілді.

Осыдан кейін Индонезия астанасының көпқабатты ғимараттарынан адамдар эвакуацияланды.

Индонезия билігі жерасты дүмпулерінің қайталануы ықтимал екенін ескертті. Олар көз жұмғандар саны артады деп болжап отыр.

Жер сілкінісі болған жерде халық тығыз қоныстанған, үйлер нашар салынған.

Жергілікті биліктің хабарлауынша, құтқарушылар қираған ғимараттардан адамдарды эвакуациялауға тырысуда, олар әйел мен оның баласын құтқарып қалды.

Чанджур қаласы әкімшілігінің басшысы Герман Сухерман бұл табиғи апаттан кем дегенде 46 адамның көз жұмғанын хабарлады.

«Зардап шеккендер түрлі аудандардан келуде. 700 - ге жуық адам жарақат алды», - деп атап өтті Сухерман.

Табиғи апаттардың салдарын жою жөніндегі ұлттық агенттіктің хабарлауынша, Чанджур аймағында ондаған ғимарат бүлінген.

Олардың арасында аурухана мен ислам мектеп-интернаты бар.

Индонезияда жер сілкінісі үнемі болып тұрады. Бұл ел Тынық мұхитындағы тектоникалық белсенділіктің «Өрт сақинасы» аймағында орналасқан.

Аралдық мемлекетте мезгіл-мезгіл жойқын жер сілкінісі мен цунами де болып тұрады. Соның салдарынан Сулавеси аралында 2018 жылы 2 мыңнан астам адам көз жұмды.


Фото: EPA

Соңғы жаңалықтар