Индонезиядағы зілзала құрбандары 69 адамға жетті

АСТАНА. Қыркүйектің 7-сі. ҚазАқпарат - Индонезияда қыркүйектің 2-сінде болған жойқын зілзала құрбандарының саны 69 адамға жетті және 23-і әлі күнге хабар-ошарсыз,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК сайтына сілтеме жасап.

Индонезияның Ұлттық апаттарға қарсы күрес басқармасының деректері бойынша, 1 мыңнан астам адам түрлі дәрежедегі жарақаттар алған.

АҚШ Геология қызметінің деректеріне қарағанда, зілзаланың күші 7 балға тең болған. Индонезиялық сейсмологтар жерасты дүмпуі магнитудасын 7,3 балл деп бағалады. Құтқарушылар астында ондаған адамдар қалған қирандыларды аршумен айналысуда.

Соңғы жаңалықтар