Индонезиялық түрмедегі өрт: 5 адам қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Индонезиялық Суматра аралындағы түрмеде жазасын өтеушілер ұйымдастырған от салдарынан ең кемі бес адам қаза тапты, деп хабарлады Ассошиэйтед Пресс агенттігі полицияға сілтеме жасап.

 Индонезиялық түрмедегі өрт: 5 адам қаза тапты

Жұма күні құқық қорғау органдары түрмеден криминалдық ортада беделді (алдын ала болжам бойынша есірткі саудасын бақылаған) әкеткен соң өрт шықты. Билік жазасын өтеушілер есірткі баронын қолдау мақсатында түрмені отқа орады деп санайды.
Өрт салдарынан бес адам қаза тапты, бір адам жапа шекті. Темір тордың ар жағында жазасын өтеп жатқан 252 адам басқа түрмеге ауыстырылды. Түзету мекемесі қызметкерлерінің ешқайсысы зардап шеккен жоқ.