Индонезияның жаңа үкіметі құрамында 8 әйел адам бар
АСТАНА. ҚазАқпарат - Индонезияның жаңа президенті Джоко Видодо жаңа жасақталған үкіметті таныстырды, деп хабарлады ВВС.
Индонезия тарихында түңғыш рет елдің Сыртқы істер министрлігіне әйел адам, елдің Нидерландыдағы елшісі Ретно Лестари Марсуди тағайындалып отыр. Жаңа үкімет құрамында, Марсудимен қатар, 7 әйел бар.
Джоко Видодо сайлау алды науқанында үкіметті партия мүшелерінен емес, нағыз кәсіби шебер мамандардан жасақтайтынын айтып, уәде еткен.