Индустриалды-инновациялық дамудың екінші бесжылдығының басты міндеті - өңдеу өнеркәсібін шикізат саласының деңгейіне жеткізу - Н.Назарбаев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Индустриалды-инновациялық дамудың екінші бесжылдығының басты міндеті - өңдеу өнеркәсібін шикізат саласының деңгейіне жеткізу. Бұл туралы бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында өткен Индустрияландыру күні аясындағы жиын барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

Индустриалды-инновациялық дамудың екінші бесжылдығының басты міндеті - өңдеу өнеркәсібін шикізат саласының деңгейіне жеткізу - Н.Назарбаев

«Біз бастап отырған индустриалды-инновациялық дамудың екінші бесжылдығының басты міндеті - өңдеу өнеркәсібін шикізат саласының деңгейіне жеткізу, біртіндеп одан да асып түсу. Қазақстан әлемдік үздіктер аламанынан өз орнын иеленіп, өз несібесін алуы тиіс. Біз таңдаған индустрия мен инновация дамудың Нұрлы жолы болып саналады», - деді Н.Назарбаев.

ҚР Президенті өндірісті дамыту - елді дамыту, өндірісті нығайту - тәуелсіздікті нығайту екендігін баса айтты.

«Сондықтан бұл салаға жұмсалған әрбір тиын, бұл бағытта істелген әрбір шаруа мәнді. Осыны көкейге түйіп жүрейік», - деді Елбасы.