Индустрия министрі су бұру жүйелерін автоматтандыруды ұсынды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев Үкімет отырысында су бұру жүйелерін автоматтандыруды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Индустрия министрі су бұру жүйелерін автоматтандыруды ұсынды

«Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту» тұжырымдамасы шеңберінде сумен жабдықтау, су бұру жүйелерінің өндірістік процестерін автоматтандыруды жүргізуді ұсынамыз.
Демек, су арналарын бүкіл өндірістік процесстердегі су ресурстарын есепке алудың толық кешенімен қамтамасыз ету көзделуде.
Ол үшін сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің гидромоделін жасау үшін барлық өндірістік учаскелерде су есептеу құралдарын орнату қажет.
Автоматтандыру су арнасының алдағы шығындарын, сондай-ақ дамудың оңтайлы модельдерін құру есебінен сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салу мен реконструкциялауға бағытталған мемлекеттік бюджетті оңтайландыруға мүмкіндік береді», - деді ол.
Айтуынша, республикалық маңызы бар қалалар мен облыс орталықтарында аталған жұмыстарды жүргізу үшін шамамен 25 млрд теңге қажет.
«Сол арқылы судың коммерциялық және техникалық шығынын 15-40% төмендету, инвестициялық шығындарды 10-15% оңтайландыру, электр энергиясына жұмсалатын шығындарды 15-20% қысқарту, желілердің апаттылық деңгейін 30-50% төмендету көзделіп отыр.
«Бүгінгі таңда жергілікті атқарушы органдар жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге жергілікті бюджеттен қаражат қарастыруды және сараптама қорытындысын алғаннан кейін одан әрі қаржыландыру үшін бюджеттік өтінім беруі қажет», - деді Марат Қарабаев.