Индустрия министрлігі талаптарға сай келмейтін 195 млн.-ға жуық теңгенің мұнай өнімдерін сатуға тыйым салды
АСТАНА. 14 қыркүйек. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың 8 айында Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі
Техникалық реттеу және метрология комитетінің аумақтық бөлімшелерімен еліміздегі мұнай өнімдерін сататын 102 кәсіпорынға тексеру жүргізді. Тексерістің барысында заң бұзушылықтың 49 жағдайы анықталды. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметінен хабарланды.
«Тексеру қорытындысына орай, 138 млн. 987 мың 896 теңгені құрайтын өнімдердің 89 партиясын сатуға тыйым салынды. Олар негізінен сәйкестік сертификатынсыз, сондай-ақ техникалық регламенттер талаптарына сай келмейді деп танылған. Заң бұзушыларға 2 млн. 845 мың теңге шамасында айыппұл салынды», - делінген баспасөз айғағында.
Сонымен қатар, жанармай құю стансыларын тексеру барысында да өнімнің сапасыздығына қатысты мәселелер белгілі болған. Осындай, май құю стансыларын тексеру барысында 55 млн. 941 мың 473 теңгенің мұнай өнімдерін сатуға тыйым салынды.