Индустрия және сауда министрі Елбасына тұрғын үй құрылысы және Қазақстанның индустриялық-инновациялық дамуы мемлекеттік бағдарламаларының орындалу барысы туралы баяндады

АСТАНА. Ақпанның 17-сі. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Индустрия және сауда министрі Владимир Школьникті қабылдады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Министр Елбасына тұрғын үй құрылысы және Қазақстанның индустриялық-инновациялық дамуы мемлекеттік бағдарламаларының орындалу барысы туралы баяндады. В.Школьник биылғы жылы кем дегенде, 6 үздік жобаны іске қосу жоспарланып отырғанын атап өтті. Кездесу соңында Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Школьникті 60 жылдық мерейтойымен құттықтады.
Соңғы жаңалықтар