Индустрия және сауда министрі инвестициялық жобаларды бақылайтын штабтарға бірқатар министрліктердің өкілдерін қосуды ұсынды

АСТАНА. Қаңтардың 11-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Индустрия және сауда министрі Әсет Исекешев экология және өнеркәсіп қауіпсіздігі мәселесін бақылап отыру үшін елімізде басталатын инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысын бақылау жөніндегі штабтардың құрамына бірқатар министрліктердің өкілдерін қосуды ұсынды.
None
None

Ол бұл ұсынысын бүгін Үкіметтің селекторлық кеңесінде білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, Ә. Исекешев аталмыш штабтардың құрамына Энергетика және минералдық ресурстар, Көлік және коммуникация, Төтенше жағдайлар, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Қоршаған ортаны қорғау, Білім және ғылым министрліктерінің, сондай-ақ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі агенттіктің өкілдерін қосуды ұсынды. «Бұл олардың штабтарда жұмыс істеп, басынан бастап экология, өнеркәсіп қауіпсіздігі мәселелерін мұқият бақылап отырулары үшін қажет. Бұл жобалардың жүзеге асырылуының бірінші кезеңінде туындайтын проблемаларды шұғыл шешуге мүмкіндік береді», деді ол.

Соңғы жаңалықтар