Индустрия және сауда министрлігі 30-дан астам тауарларға қатысты кедендік баж салығына өзгерістер енгізу мәселесін қарастырып жатыр
АСТАНА. Сәуірдің 21-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Индустрия және сауда министрлігі 30-дан астам тауарларға қатысты кедендік баж салығына өзгерістер енгізу мәселесін қарастырып жатыр.
Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында осы ведомствоның басшысы Владимир Школьник мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Бүгінгі күні 20 зауыттан кедендік баж салығын талқылауға және өзгерту енгізуге қатысты өтініштер келіп түсті. Бұл 30-дан астам тауарларға салынатын кедендік баж салығын қайта қарастыруды және 5-тен астам тауардың түріне қатысты талқылау жүргізуді қажет етеді», деді өз сөзінде В. Школьник.Оның айтуынша, өтініштердің арасында импорттық кедендік баж салығын жоғарылату және төмендету жөнінде ұсыныстар бар. «Өтініш берушілердің арасындағы кейбір қобалжуларға қарамастан, қандай да бір өнімді өндіретіндерге немесе тұтынатындарға қиянат жасамау үшін, Қазақстанның сыртқы сауда режіміндегі барлық көзделетін өзгерістерге Министрлік мұқият сараптама жасайтынын атап өткім келеді», деді В. Школьник. Оның айтуынша, бұл жерде салалық қауымдастықтар басымдықтарды нақты айқындап алулары тиіс. Яғни, шикізат пен дайын өнімді өндірушілер арасындағы өндірістік байланыстарды қалпына келтіру қажет пе әлде жөнге келтірген дұрыс па деген мәселеде ортақ ұстаным болуы тиіс. Онысыз тіпті кедендік баж салығы деңгейінде өзара тиімді шешімді табу қиынға соғады.