Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі: Инновациялық жобаларға гранттар жыл бойы берілетін болады

АЛМАТЫ. 10 сәуір. ҚазАқпарат - Инновациялық грант алу үшін енді стартап жобаларды кез келген уақытта ұсынуға болады.

Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі: Инновациялық жобаларға гранттар жыл бойы берілетін болады

Бұл туралы бүгін Алматыда өтіп жатқан «InvestorDay'13» стартаптар мен инвесторлардың ІІ Халықаралық конференциясында айтылды.

Конференцияға бейне-байланыс арқылы қосылған ҚР Индустрия және жаңа технологиялар вице-мнистрі Қаныш Тілеушиннің айтуынша, гранттар бөлуге инновациялық жобаларды қабылдау енді жыл бойы жүргізіледі және олар 9 бағыт бойынша берілетін болады. Қазір инновациялық гранттық жобалар байқауының электрондық үлгідегі тетіктері жасалуда. Онда жобаларды ұсынудан кейінгі үдерістерді ғаламтор желісі арқылы бақылап отыруға жағдай туғызылады.

«Технологияларды трансферттеу орталығын құру үстіндеміз. Бірге жұмыс істейтін әлеуетті серіктестер анықталды. Министрлік сондай-ақ, жеке венчурлық қор құрады. Қор арқылы әлемдегі үздік технологияларға қол жеткізіп, олардың трансфертін жүзеге асыру үшін жеке инвесторлар қаржысын жинап, әлемдегі үздік әзірленімдерге бағыттайтын боламыз», - деді Қ.Тілеушин.