Индустрияландыру бағдарламасын жүзеге асыру аясында біз көші-қон саясатын тиімді шешуіміз қажет - Елбасы
/Ернұр Ақанбай/ - Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру аясында біз көші-қон саясатын тиімді шешуіміз қажет.
Бұл туралы бүгін Ақордада Үкімет мүшелерінің және әкімдердің қатысуымен өткен индустриялық дамуға қатысты кеңесте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Индустрияландыру әрқашанда миграциялық ағымдардың өсіміне әкеледі. Бізге көші-қон саясаты қажет. Егер жалпы республиканы алып қарасақ, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай облыстарында тұрғындар саны азайып келеді. Оңтүстікте, керісінше, халықтың саны көбеюде. Сондықтан да оралмандарды еліміздің өңірлеріне орналастыру мәселесін дұрыс шешу қажет», деді кеңесте Н. Назарбаев.
Президенттің айтуынша, оралмандардың 60 пайызы халық тығыз қоныстанған өңірлерде тұрып жатыр. Ал, солтүстіктегі бірқатар өңірлерде халықтың саны азайып барады.