Индустрияландыру бағдарламасындағы инвестиция тарту мәселесі аса маңызды шара болып отыр

амырдың 17-сі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Индустрияландыру бағдарламасындағы инвестиция тарту мәселесі аса маңызды шара болып отыр.

Индустрияландыру бағдарламасындағы инвестиция тарту мәселесі аса маңызды шара болып отыр

Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінде «Елдің үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламасы туралы» деген тақырыпта өткен Үкімет сағатында Премьер-Министрдің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Кеден Одағы Қазақстан инвестициясы үшін үлкен мүмкіндіктер ашады. Өйткені, инвесторлар бұған дейін ірі, металлургиялық өндірістерге келсе, енді өткізу нарығының ауқымына орай бұндағы мүмкіндіктер де кеңейе түседі. Әрине, Одақ аясында Қазақстан біздің бәсекелестерімізге қарағанда инвесторлар үшін аса тартымды ел болып қала беруі шарт», деді Ә. Исекешов.

Оның пайымдауынша, Кеден Одағы аясындағы елдер ішінде Қазақстанның инвестициялық тартымдылығының деңгейі жағымды болып отыр. «Біріншіден, ашығын айтқанда біздің салықтық жүйеміз басқа екі елге қарағанда төмендеу. Екіншіден, әкімшілік кедергілерге қатысты бізде жұмыс дұрыс жолға қойылған. Оның үстіне, Елбасының тапсырмасына сәйкес, бұл шара әлі де жалғасуда. Сондықтан да, біз Кеден Одағы аясында көп мүмкіндіктерге иек артамыз. Сонымен бірге, индустрияландыру бағдарламасы біздің отандық бизнестің Кеден Одағы аумағында бәсекелестігін арттыруға бағытталады. Сол үшін де индустрияландыру бағдарламасындағы инвестиция тарту мәселесі аса маңызды шара болып отыр», деді Премьер-Министрдің орынбасары.