Индустрияландыру картасы бойынша 20 фармацевтикалық кәсіпорын салынады

АСТАНА. 5 сәуір. ҚазАқпарат - Қазақстанда еліміздің дәрілік препараттарға деген сұранысын отандық өндірістердің есебінен қанағаттандыру көрсеткішін 2014 жылға дейін 50 пайызға жеткізу жөніндегі шаралар қабылдануда,
None
None

деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінен Pm.kz сайтына.

Индустрияландыру картасының аясында 20 фармацевтикалық кәсіпорын салу және қолданыстағы өндірістерді жаңғырту жоспарланып отыр. 2010 жылы - 6 инвестициялық жоба, 2011 жылы - 6 инвестициялық жоба іске асырылды. Алдағы үшжылдық кезеңде 17 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр.

Оған қоса, фармацевтикалық өнеркәсіп кәсіпорындарына «Лайықты өндірістік тәжірибе» (GMP) халықаралық сапа стандарттарын енгізу жұмыстары жүргізілуде. 2011 жылы отандық екі кәсіпорынға: «Нобел АФФ» (қатты дәрілік заттар цехы) мен «Химфарм» (жақпа май) акционерлік қоғамдарына GMP сертификаттары берілді.

Оған қоса, фармацевтикалық және медициналық өнімдерді импорттық алмастыруға жағдай жасалуда. Еліміздегі жалғыз дистрибьютер «СК-Фармация» ЖШС отандық 12 фармацевтикалық кәсіпорынмен («Химфарм», «Нобел АФФ», «Глобал Нью Лайф», «Қарағанды фармацевтикалық кешен», «Павлодар фармацевтикалық зауыт», «Ромат» фармацевтикалық компания», «Брандо», «Медикал Фарм Ча-Кур», «БируниФарм», «Супер Фарм», «Алмерек», «Dolce») ұзақмерзімдік келісімшарт жасап отыр. 2011 жылы отандық өндірушілерден медициналық техникаларды мемлекеттік сатып алу ұйымдастырылды және Медициналық техника лизингін әрі қарай дамыту жөніндегі тұжырымдама жасалды.

«Аталмыш шаралар еліміздің дәрілік препараттарға деген сұранысын отандық өндірістердің есебінен қанағаттандыру көрсеткішін 2014 жылға дейін 50 пайызға жеткізуге мүмкіндік беретін болады», - делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар