Индустрияландыру картасы бойынша іске қосылған жобалардың шығарған өнімдері 300 млрд. теңгеден астам

АСТАНА. 3 шілде. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың 1 жартыжылдығында Индустрияландыру картасы аясында іске қосылған жобалардың шығарған өнімдері  300 млрд. теңгеден астамды құрайды.
None
None

Бұл туралы бүгін БАҚ өкілдеріне ҚР Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Альберт Рау мәлім етті.

«Толықтай алғанда бүгін 2,5 жыл ішіндегі индустрияландыру бойынша атқарылған жұмыстардың қорытындысы шығарылады. 2,5 жыл ішінде Индустрияландыру картасы аясында іске қосылған жобалар ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында 300 млрд. теңгенің өнімін шығарды. Бұл 2 млрд. долларды құрайды. Айта кетерлігі, бұл біздің ішкі жалпы өнімге қосылған айтарлықтай мол үстеме»», - деді ол.

Вице-министрдің сөзіне қарағанда, ағымдағы жылы шамамен 200 жоба іске қосылса, оның 50-і бірінші жартыжылдықта-ақ өз жұмысын бастайды.

Соңғы жаңалықтар