Индустрияландыру картасы шеңберінде Қазақстанда бұрын шығарылмаған 106 өнім игерілді

АСТАНА.  4 маусым. ҚазАқпарат -  Индустрияланлдыру картасына енгізілген жобалардың жалпы ішкі өнімдегі үлесі 1,18 пайызды құрады. Бұл туралы бүгін Мәжілістегі Үкімет сағатында Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев мәлім етті.

Индустрияландыру картасы шеңберінде Қазақстанда бұрын шығарылмаған 106 өнім игерілді

Министрдің айтуынша, өнеркәсіптің жалпы көлеміндегі шығарылған тауарлар мен қызметтерінің үлесі 7,3 пайызды құраса, оның ішінде өңдеуші өнеркәсіптегі үлес 12,8 пайызға жеткен.

«150 жоба 70 пайыздан астам қуаттылық деңгейіне көтерілді. Жалпы, жобаларды іске қосу кезеңінен бастап, оның жобалық қуаттылыққа шығу кезеңі белгілі бір уақытты талап ететінін атап өту қажет»,-деді Ә. Исекешев.

Министрдің айтуынша, индустрияландыру картасы шеңберінде Қазақстанда бұрын шығарылмаған 106 өнім игерілген. Бұлардың арасында газ айдау агрегаттарына арналған турбиналық және компрессорлық қалақшалар, металл-пластикалық құбырлар, ұшақтарға арналған синтетикалық жуу құралдары және басқалары бар.