Индустрияландыру Қазақстанда әлеуеті зор брендтерді дүниеге әкелді

  АСТАНА. 3 маусым. ҚазАқпарат - Индустрияландыру Қазақстанда жаңа әлеуеті зор брендтерді дүниеге әкелді.
None
None

Бұл туралы бүгін Астанада ҮИИДМБ іске асыруға арналған индустриялық форум аясында ашылған индустриялық жобалар көрмесі барысында «Агромаш холдинг» кәсіпорнының директоры Владимир Сабельфольд мәлім етті.

«Агромаш холдинг» Қазақстан нарығында 8 жыл жұмыс жасап жатыр. Басында ол ауыл шаруашылығы техникаларын шығаратын компания болды. Кейінгі жылдары өндірісте әртараптандыру шаралары өткізілді және зауыттың жарты аумағында бүгінгі таңда Санг Йонг корей көліктерінің бірнеше модельдік қатары шығарылуда.  Бұл бренд енді қазақстандық қамтуға да өз үлесін қосып отыр», - дейді В. Сабельфольд.

«Индустрияландыру бағдарламасы жаңа жұмыс орындарының құрылуына, шығарылатын өнімдердің сапасы мен өзіндік құнының төмендеуіне ықпал жасады. Санг Йонг корейлік жол талғамайтын көліктердің құны қазір өзге нарықтағылардан арзанырақ. Бұл көліктер елдің өрт сөндіру, медицина және полиция қызметіне сатып алынуда», - деп атап көрсетті ол.

Зауыт басшылығының айтуынша, қазақстандықтар корейлік көліктерді сатып алу үшін ұзын-сонар кезекте тұр. «Ішкі нарық қаныққаннан кейін ғана экспортқа шығару жөнінде әңгіме өрбітуге болады», - В. Сабелфольд.  

«Бүгінде «УАЗ» компаниясымен бірге «Патриот» көліктерін шығару жобасы қолға алынуда. Қазақстанда тәртіп пен тыныштық болса, барлығы да болады», - деп түйіндеді сөзін кәсіпорын директоры.

Соңғы жаңалықтар