Индустрияландырудың 2-ші бесжылдығын өзектендіру бойынша жарлық жобасы 2016 жылдың 1 наурызында Үкімет қарауына енгізіледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Индустрияландырудың 2-ші бесжылдығын өзектендіру бойынша жарлық жобасы 2016 жылдың 1 наурызында Үкімет қарауына енгізіледі. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев мәлім етті.
None
None

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жаһандық экономикалық, технологиялық трендтер ескерілген екінші бесжылдықты (Индустрияландырудың екінші бесжылдығы) өзектендіру бойынша жарлық жобасы 2016 жылдың 1 наурызында Үкімет қарауына енгізіледі», - деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, министрлік жаһандық экономикалық, технологиялық трендтерге сараптама жүргізіп үлгерген. «Осыны, сонымен бірге ағымдағы экономикалық ахуалды, 2016 жылға арналған болжамдарды ескере отырып, 2015 жылдан 2019 жылға дейін бағдарламаға түзету енгізу ұсынылады. Өзектендіру аясында өңдеу өнеркәсібіне басымдық күшейтіле түседі», - деді ол.

Алдағы уақытта өнімді қызметтерді дамытуға, еңбек өнімділігін көтеруге басымдық берілетінін айта келе Ә.Исекешев: «Бағдарлама жобасы қазіргі уақытта барлық мемлекеттік органдармен, әкімдіктермен, ұлттық холдингтермен және Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен әзірленуде. Бағдарлама жобасы таяу аралықта Өнеркәсіптік даму комиссиясының қарауына енгізіледі», - деді.

Соңғы жаңалықтар