Индустрияландырудың алғашқы бесжылдығында Қазақстанда шығарылатын медициналық өнімдер көрсеткіші үш есеге артты
Мәселен, Индустрияландырудың алғашқы жылында Елбасы Н. Назарбаев Қазақстанға 800 млн. долларға әлемнің әр түкпірінен дәрілер әкелінетіні туралы мәселе көтеріп, дәрі-дәрмектің кемінде 50 пайызын мемлекетте өндіру тапсырмасын жүктеген болатын. Ал алғашқы бесжылдық ішінде Қазақстанда шығарылатын медициналық, фармацевтикалық өнімдер түрі 500 бірлікке артып, шығарылатын өнімдер көрсеткіші үш есеге көбейді. Яғни, Елбасы жүктеген тапсырма қазірдің өзінде 50 пайызға орындалып отыр.
Сонымен қатар, индустрияландыру саясаты арқасында ауыл шаруашылығы саласы да жоспарлы түрде дамып келе жатыр. Атап айтқанда, агроқұрылымда 2010 жылмен салыстырғанда ірі қара мал басының саны 50 пайызға артқан. Ал өнеркәсіп жылыжайларының алаңы осы жылдар ішінде 3 есеге өскен. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығының өнімін өндіруді қолдау арқасында Қазақстанның ішкі нарығы отандық өніммен 80 пайызға дейін қамтамасыз етілді.