17:11, 27 Қазан 2009 | GMT +5
Индустриялды аймақтарды барынша дамыту қажет - Үкімет басшысы
анның 27-сі. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін Үкіметтің кезекті отырысында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов еліміздегі индустриялды аймақтарды дамытуды тапсырды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Үкімет басшысы осы саладағы әлемдік тәжірибені терең зерттеп, еліміздегі бар ресурстардың негізінде индустриялды аймақтарды дамыту қажеттігін ерекше атап өтті. «Осы орайда Астана мен оңтүстік өңірлердегі мол тәжірибені жинақтап, еліміздегі индустриялды аймақтарды дамыту мүмкіндіктерін жан-жақты қарастыру қажет. Керек болса, арнайы заң жобасын әзірлейік», деді К. Мәсімов.