Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы бойынша барлық дайындық жұмыстары аяқталды - Ә.Исекешев

Оның сөзіне қарағанда, осы уақытқа дейін аталған бағдарлама бойынша үш көшпелі мемлекеттік комиссияның отырысы өтіп, 60-қа жуық кеңес ұйымдастырылды.
«Бүгінде еліміздің индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы бойынша барлық дайындық жұмыстары аяқталды деуге болады, сондықтан біз бұл құжатты келесі жылдың қаңтар айында Үйлестіру кеңесі мүшелерінің қарауына енгізуді жоспарлап отырмыз. Егер 2009 жыл біз үшін дайындықпен өтсе, 2010 жылда біз осы бағдарлама аясында қарастырылған барлық жұмыстарды жүзеге асыратын боламыз. Елбасы осы құжатқа қол қойғаннан кейін белсенді жұмыс уақыты басталатын болады. Ал құрылыс науқаны ашылған кезде, индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында нысандарды салуды бастаймыз», деді министр.