«Индустриялық мұнайхимия ұлттық технопаркі» жобасының қаржылық-экономикалық негіздемесіне түзетулер енгізіледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Индустриялық мұнайхимия ұлттық технопаркі» жобасының қаржылық-экономикалық негіздемесіне түзетулер енгізіледі.

Бұл туралы бүгін Мәжілістегі «Нұр Отан» партиясы фракциясы жанындағы «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша Ұлттық қордан бөлінген қаражаттың тиімді жұмсалуын бақылау жөніндегі комиссияның отырысында мәлім болды. Онда «Нұрлы жол» бағдарламасының Атырау облысындағы «Индустриялық мұнайхимия ұлттық технопаркі» арнайы экономикалық аймақ аумағындағы индустриялық жобалар мен «Қорғас-Шығыс қақпасы» Арнайы экономикалық аймағына бөлінген қаражаттың тиімді игерілу  мәселесі талқыланған болатын.

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының Үкіметпен өзара іс-қимыл жөніндегі Басқарушы директоры Нұрлан Рахметовтің айтуынша, «Индустриялық мұнайхимия ұлттық технопаркі» инфрақұрылым жобасын жүзеге асыруға 2014-2018 жылы 215,5 млрд теңге жоспарланған.  Оның ішінде республикалық бюджеттен 201,9 млрд теңге жұмсалып, олар негізінен инфрақұрылымды дамытуға бағытталады. Қалған 13,6 млрд жобаны жүзеге асыратын операторлардың ағымдағы шығыстарын құрайды.

«Инфрақұрылымның құрылысын жүзеге асыру барысында 1,5 мың жұмыс орны құрылады. Ал АЭА жұмысқа кіріскенде, онда 1000 адам жұмыс істейтіні күтіледі», - дейді Н. Рахметов. Оның айтуынша, 2014-2015 жылдары АЭА жобасына 93 млрд теңге бөлінген. Оның ішінде бірінші траншы 2014 жылы, ал екінші траншы 2015 жылдың желтоқсанында 68,5 млрд теңге шамасында алынды.

«Қаржылық-экономикалық негіздемеге сәйкес, бұл қаражаттарды игеру 2015-2018 жылдары кезең-кезеңімен жүзеге асырылатыны жоспарланған болатын. 2015 жылы 21,3 млрд теңгені игеру көзделгенімен, негізінен 47,5 млрд. теңге игерілді. Бұл игеру сомасының артуы негізінен халықаралық мердігердің талаптарына орай орын алды. Біз халықаралық компанияның талабын ескере отырып, аккредитив ашып бердік. Қазіргі күні инвестициялық жобаның қаржылық-экономикалық негіздемелерін түзету жүргізіліп жатыр. Айта кетерлігі, бұл түзету объективті себептермен, ең бірінші кезекте теңге бағамының өзгеруіне қатысты жасалмақ»,  деді Н. Рахметов.  

Соңғы жаңалықтар
telegram