Инфаркттан кейін аман қалған азамат өзін құтқарғандарды «әбден тамаққа тойдыруға» уәде берді
АСТАНА. 5 наурыз. ҚазАқпарат - Жүрегі тоқтап қалған американдық азамат 25 адам оның жүрегіне бір жарым сағат бойы массаж жасағаннан кейін аман қалып отыр,
деп хабарлайды «Маяк» радиостансасы,
Миннесота штатындағы Гудхью деген шағын қалашықтың 54 жастағы тұрғыны жергілікті май құю стансасының жанында, көшеде есінен танып қалады. Май құю стансасында еңбек ететін, кезінде өрт сөндіру бригадасында жұмыс істеген кездерінде алғашқы жәрдем көрсетудің әдістерін үйренген ағайынды Эл және Рой Лодермайерлер дереу оның тамырының соқпай қалғанын анықтайды да, жүрегіне массаж жасай бастайды. 15 минуттың ішінде оларға көшеде кетіп бара жатқан тағы 20 шақты адам қосылады, медициналық тікұшақ келгенше олар бірін-бірі алмастырып жүрекке массаж жасайды. Әлгі азаматтар 1,5 сағат бойы массаж жасап, Снитцердің қан айналымын тоқтатпайды.
Клиникада жүргізілген тексеру, жүректің тоқтап қалуына инфаркт себеп болғанын көрсетеді. "Қазір пациенттің жағдайы жақсарып қалды", - дейді дәрігерлер. Аспазшы Снитцер енді өз құтқарушыларын «әбден тамаққа тойдыруға» уәде беріп отыр.