Инфекция ошақтары туралы Алматыда тараған ақпарат жалған – әкімдік

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда коронавирус инфекциясының ошақтары анықталғаны туралы әлеуметтік желіде тарап жатқан ақпарат жалған. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметінен мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Инфекция ошақтары туралы Алматыда тараған ақпарат жалған – әкімдік

Атап айтсақ, тарап жатқан ақпаратта індет тіркелген қауіпті аймақтардың тізімі көрсетілген. Олардың ішінде Бағанашыл шағынауданы, Гоголь-Сейфуллин, Гоголь-Қонаев көшелері, «Сұңқар» тұрғын үй кешені, «Алтай 1» шағынауданы көрсетілген. Сондай-ақ «вирус жұқтырғандардың мекенжайлары» деп 12 үйдің тізімі берілген.

Қала әкімінің баспасөз қызметінің басшысы Әсет Мұқажанов бұл ақпараттың барлығы жалған екендігін мәлім етті.