Инфляция 8-10 пайыз аралығында болмақ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Инфляция 8-10% аралығында анықталды. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында республикалық бюджетті талқылау кезінде Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы Тимур Жақсылықов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Инфляция 8-10 пайыз аралығында болмақ
«Ұлттық банктің болжамы бойынша экспорт 72,2 млрд АҚШ долларына дейін өседі. Импорт 40,2 млрд АҚШ долларды құрайды. Инфляция 8-10% аралығында анықталды», - деді Т. Жақсылықов макроэкономикалық көрсеткіштер мен бюджеттік параметрлер болжамын таныстыру кезінде.

Оның айтуынша, құрылыста өсім бұрын мақұлданған деңгейде сақталады – 3,8%. Ақпарат пен байланыста ақпараттық қызметтерге сұраныстың төмендеуі салдарынан болжам 8,3%-дан 5%-ға дейін төмендетілді.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 2022 жылға арналған макроэкономикалық көрсеткіштер мен бюджеттік параметрлер болжамын нақтылау енгізіліп отыр.