Инфляция болжамы әлі де жоғары – ҰБ
«2023 жылғы қаңтарда жылдық инфляция өсу қарқынын жалғастырып, 20,7% болды. Азық-түлік өнімдері бағасының өсуі басты қозғаушы күш болып қалуда. Айлық инфляция төрт ай қатарынан 1,1%-ға дейін баяулады (2022 жылғы қыркүйектегі 1,8%-дан), бірақ әлі де орташа тарихи мәннен асып отыр. Айлық инфляция сияқты базалық инфляцияның көрсеткіштері де баяулап келеді, бірақ, жоғары деңгейде қалыптасып отыр», - деп жазылған мәліметте.
Ұлттық банк мамандары қаңтарда инфляция болжамдары желтоқсандағыдан төмен болғанын атады. Дегенмен, оның тез баяулауына кедергі болатын фаткорлар көп көрінеді.
«Инфляциялық күтулер 2022 жылғы желтоқсанда шарықтау шегіне жеткеннен кейін төмендеді, бұл алдыңғы болжамның алғышарттарына сәйкес келеді. Дегенмен, инфляциялық күтулер әлі де жоғары және олардың төмендеуінің айқын тренді әлі қалыптаспаған, бұл инфляцияның тез баяулауына кедергі жасайды» – делінген банктің хабарламасында.
Айта кетейік, Ұлттық банктің ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені 16,75% деңгейінде қалдыру туралы шешім қабылдады.