Инфляция өскен сайын халықтың нақты табысы құнсызданып жатыр - Президент

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Инфляция өскен сайын халықтың нақты табысы құнсызданып жатыр. Бұл туралы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Инфляция өскен сайын халықтың нақты табысы құнсызданып жатыр. Жұрттың табысын әлеуметтік саланың шығысы есебінен арттырудың да шегі бар. Біз осы шекке жеткен сияқтымыз. Бұған қоса, тұтыну несиелерінің көлемі артып барады. Бұл әрекет – инфляция кезінде жан бағудың амалы. Бірақ мұндай ахуалдың әлеуметтік және саяси салдары өте ауыр болуы мүмкін. Тіпті, банктердің өзіне қауіп төндіруі ықтимал», - деді Мемлекет басшысы.

Президент несиені ең алдымен, пайда әкелетін бизнеске, яғни тиімді жобаларға беру керектігін баса айтты.

«Сонда жалақысы жоғары жұмыс орындары пайда болады. Жұрттың кәсіпкерлікпен айналысуға ынтасы артады. Бір сөзбен айтсақ, азаматтардың табысын көбейтуге мүмкіндік туады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Соңғы жаңалықтар