Инфляцияға болжамды қайта қарамаймыз - Ұлттық банк төрағасы
АТЫ. 6 сәуір. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Инфляция деңгейі төмендеп келе жатыр. Бұл жайлы Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченко бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында айтты.
«ҚР Статистика агенттігінің ресми деректері бойынша, наурызда инфляция 0,5 пайыз деңгейінде қалыптасты. бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінде 0,7 пайызды құраған болатын. Инфляция деңгейі наурызда қаңтар мен ақпандағы көрсеткіштен төмен болды», -дейді Григорий Марченко. Оның айтуынша, инфляция өткен айда жылдық көрсетуде 8,6 пайызды құрады. Бұл былтырғы жылдың дәл осы кезеңінде 3,7 пайыз көлемінде болды. Ал бұл көрсеткіш алғашқы тоқсанда 3,7 пайызды құрап отыр. Былтыр ол 2,9 пайызды құраған еді. Жалпы Ұлттық банк қазір инфляцияға жасаған болжамын және қайта қаржыландыру мөлшерлемесін қайта қарауды жоспарлап отырған жоқ.